Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қанды оқиғаның видеосы: Полиция төтенше жағдайдың қайда болғанын анықтады

05 қаңтар 2018, 16:53

Павлодарлық полицейлер видеоға түсірілген қанды оқиғаның қайда болғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Уфада болған.

"Павлодардың полиция қызметкерлері Желіде таралған видеоның фейк еместігін анықтады. Оқиға Уфаның азық-түлік дүкендерінің бірінде 2017 жылдың 21 желтоқсанына қараған түні болған", - дейді облыстық ІІД-нің өкілдері.

Ресейлік БАҚ таратқан ресми мәлімет бойынша, 26 жастағы жігіт дүкенге гүл ұстап кіріп, тауар сатып алып жатқан қыздардың біріне ұсынған. Қыз одан бас тарқан, сол кезде қызға пышақпен соққы жасаған. Қыз оқиға орнында көз жұмды.

Күдікті Өзбекстан азаматы болып шықты.

Сонымен қатар, видеоны Павлодарда болды деп таратқандар әлі де іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, қанды оқиғаның видеосы жаңа жылдық мерекелерден кейін таралып кеткен еді. Видеоға қатысты "Пвлодар жаңа 2018 жылдан кейін болды" деген жазумен болды. Павлодар ІІД деректі растамады.

Полицейлердің ақпараты бойынша, Жаңа жыл алдында видео "Павлодар, "Пахомовский дүкені" атауымен тараған. Видеоны Павлодарда болды деп таратқандарды полицейлер іздестіріп жатыр. Жалған ақпарат таратқаны үшін автор қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Назар аударыңыз! Психикасы тұрақты емес және 18 жасқа толмағандарға көруге ұсынылмайды.