Қаңтар қасіреті кезінде курьер бұзақыларға байланыс құралдарын жеткізген

12 наурыз 2022, 00:29

Қаңтар қасіретіне қатысты жаңа деректер ашылып жатыр. Телеграмм каналға оқиға куәгерлерінің бірі жіберген әуесқой кадрларда қос дөңгелекті көлікті тізгіндеген курьердің тәртіп бұзушыларға байланыс құралдарын жеткізіп жатқаны бейнеленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Дәл осылай қарудың да таратылғаны белгілі. Кадрларда бүлікшінің курьерді бөтен көзден қалқанымен жауып тұрғаны анық көрініп тұр. 

Полицияның болжамынша әйгілі қызметтің униформасын жамылғандар күдік туғызбай блок бекеттерден емін-еркін өтіп Алматының орталық алаңында мемлекеттік төңкерісті басқарған радикалдардың тыңшысы болған. Бұл қаңтар төңкерісінің қаншалықты деңгейде ұйымдастырылғанын дәлелдейді. Шабуылдаушыларға тойтарыс берген полицейлер сары дорба асынған курьерлердің одан бөлек үгіт жүргізгенін айтады.

"Сосын мопедпен тапсырыс жеткізушілер келді де полиция қызметкерлерін бүлікшілермен бірге болуға үгіттеді. Сол кезде біз болып жатқан жағдайдың бейбіт шеру емес, мұқият ұйымдастырылған акция екенін түсіндік", - дейді Алмалы аудандық полиция депртаментінің тергеушісі Ербол Нұрманов.