Қаңтар оқиғасы. Ең шулы 10 іс бойынша 9 лауазымды тұлға ұсталды – Қилымжанов

04 сәуір 2022, 17:56

Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Арнайы прокурарлар ең шулы 10 жағдайды тергеп жатыр. Аталған істер бойынша арнайы прокурорлар 9 лауазымды адамды ұстады. Оның 8-і Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері болса,  1-уі полиция қызметкері, - деді ол.

 

Қилымжанов атап өткендей, әлеуметтік желіде қамауда отырған адамдарға қатысты тергеудің рұқсат етілмеген жағдайлары жарияланып жатыр.

 

Аталған адамдарға қатысты ешқандай зорлық-зомбылық қолданылмай жатқанын айтамыз. Бұл ретте біз осыған дейінгі бұлтартпау шараларын қолданып жатырмыз, - деді Елдос Қилымжанов.

 

Оның айтуынша, 275 адамға бұлтартпау шарасы орындалды.