Қаңтар оқиғасы: Тағы екі лауазымды полицей ұсталды

04 сәуір 2022, 17:14

Қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіздік танытқан тағы екі лауазымды полицей ұсталды. Бұл туралы бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановқа сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

"5 қаңтарда Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында екі полиция департаменті мен үш ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары өз ғимараттарын, соның ішінде қарумен қалдырғаны белгілі. Олардың барлығы күдікті деп танылды. Осы фактілер негізінде қызмет бабындағы әрекетсіздік бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте.

 

Бұдан бөлек, 1-2 сәуір күндері Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары мен Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

"Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізілуде", - деп атап көрсетті Қилымжанов.