Қылмыс

Қапланбек шекара бекетінде ақша бопсалаған "Сарыағаш" қылмыстық тобы құрықталды (видео)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түркістан облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Өңірлік полиция мен ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Сарыағаш қаласындағы «Қапланбек» шекара өткізу бекетінде ұзақ уақыт бойы ТМД жүк тасымалы жүргізушілерінен 15 мыңнан 50 мың теңгеге дейін ақша бопсалаған «Сарыағаш» қылмыстық тобын құрықтады.

 

«Өзбекстанға жол жүрген азаматтар ақша беруден бас тартқан жағдайда қылмыстық топ оларды қорқытып, ұрып-соғып, көлігінің алдыңғы әйнегін сындырып, дөңгелектерін тесіп кеткен. Операция барысында жедел уәкілдер күдіктілерді тұрғылықты жерінен ұстады. Барлығы 13 күдікті анықталды. Ұсталғандардың бәрі - Түркістан облысының тұрғындары» делінген хабарламада.

 

Қазіргі уақытта аталған фактілер негізінде Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Айғақ ретінде қару, пышақ және ақша алынды.

Полиция қызметкерлері қылмыстық топтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch 




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 10:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31