Қылмыс

Қапшағайда жалған полицей ұсталды

  • https://www.inform.kz/kz

    https://www.inform.kz/kz

Қапшағайда жалған полицей ұсталды. Ол ішкі істер органдарында жұмыс істеймін деп өзгенің 737 мың теңге ақшасын иемденіп алған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағай қаласының полициясына 21 жастағы тұрғыннан арыз түскен.

 

Ол өзін полицеймін деп таныстырған ер адамның сеніміне кіріп, ақша алғанын жеткізген. Бірақ қаражатты қайтармағандықтан, ол полицияға арызданған.

 

«Жедел іздестіру кезінде 23 жастағы күдікті ұсталды. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 190 бабы 1 бөлігі яғни, «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылар оның не себепті өзін полицеймін деп таныстырып, қандай мақсатпен ақша алғанын, сонымен қатар өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Департамент ұсталған адамның полиция қызметкері емес екенін және оның бұл жұмысқа мүлдем қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

 

«Тергеу барысында анықталғандай күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, 737 мың теңге ақшасын иемденіп алғаны анықталды. Жәбірленуші дер кезінде полицияға шағымданғандықтан күдікті дер кезінде ұсталды»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

 

 

 




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.09.2021, 17:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31