Қара нарықта бағасы 580 млн теңгеден асатын есірткі тәркіленді

31 шілде 2023, 12:20

2023 жылғы 17 және 24 шілдеде ҰҚК Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша департаменттері Ұлттық ұланды жұмылдыра отырып прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісінің жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз айналымнан 29 келіден аса «мефедрон» психотроптық заттары, 1 тоннадан аса прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіруге арналған химиялық реагенттер мен арнайы зертханалық құрылғылар алынды.

 

 

Тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» бағасы 580 млн теңгеден асуы мүмкін.

 

Ұсталған республикамыздың 4 азаматына қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

 

 

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

 

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz