Қылмыс

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

  • https://www.kazpravda.kz/

    https://www.kazpravda.kz/

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков 2 айға қамауға алынды. Лауазымды тұлға мемлекетке 107 млн теңге көлемінде шығын келтірген деп айыпталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

12 қыркүйекте Қарағанды облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының тәртібінде Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары – Жақсылық Шалабековті ұстады.


«Аталған тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасауда, атап айтқанда 2018 жылы Қарағанды қаласында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша ірі панельді тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражатын алдын ала сөз байласу жолымен топ адаммен бірлесіп ұрлауда және талан-таражға салуда күдікті болып табылады», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

 

Қылмыстық әрекеттермен Жақсылық Шалабеков мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірген.

 

Қазіргі уақытта ол соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде және оның барысы облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында.

 

Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясы болып табылады және жариялануға жатпайды.

 




Көрілген: 225    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 13:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31