Қылмыс

Қарағанды облысындағы колонияға «Камазбен» есірткі өткізбекші болғандар ұсталды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қарағанды облысындағы колониясында «Камаз» көлігі арқылы тыйым салынған заттарды тасымалдау фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

13 мамырда колония аумағына келген 49 жастағы ер адамның басқаруындағы «Камаз» маркалы автокөлігін тексеру барысында қоқыс багының контейнерінің астынан тыйым салынған заттар, атап айтқанда «TEXEL» маркалы ұялы телефон, өсімдік тектес жасыл түсті зат, 20 дана ақ түсті таблетка, ерекше иісі бар ұнтақ тәрізді зат табылды және тәркіленді.

 

Аталған факті бойынша Абай аудандық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылды, тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.

 

«Ағымдағы жылдың басынан бастап Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері облыс колониясында тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің 15 рет жолын кесті»,-деп хабарлады АК-159/18 мекемесінің бастығы әділет полковнигі Нұралы Дүйсенбеков.

 

 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 09:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30