Қарағандыда 14 жастағы қызға тиіскен ер адамға қатысты тың дерек шықты

16 наурыз 2023, 09:09

Қарағанды қаласында жеделсатыда 14 жастағы қызды азғындамақ болған азаматқа «зорлық-зомбылық әрекеттеріне оқталу»  бабымен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді.

 

14 наурызда ер адамға жасөспірімді азғындау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі болды. Полиция департаменті сараптама тағайындалғанын хабарлады.

 

Еске салсақ, Қарағандыда наурыз айының басында 23 жастағы ер адам жеделсатыда 14 жастағы қызды қорлағаны туралы видео тараған еді.