Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қарағандыда 180 адамды алдаған риелторлар сотталды

21 желтоқсан 2017, 18:23

Қарағандыда 180-ге жуық адамды алдаған риелторларға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс Қарағандының Қызыбек би аудандық сотында қаралды. Алғашында сот алдында сегіз риелтор әйел мен олардың басшысы жауап берген.

Сот барысы кезінде айыпталушылардың бір бөлігі зардап шеккендермен өзара келісті. Ақыры төрт әйел мен басшылары сотталды.

"Сот Нөкербековті 190-баптың 2-тарауының 1, 2-тармақтары бойынша айыпты деп таныды. Сот үкімі бойынша оның мүлкі тәркілене отырып, төрт жылға бас бостандығынан және қызмет көрсету саласында үш жыл жұмыс істеу құқығынан айырылды", - дейді сот өкілдері.

Өзге үш айыпталушының әрқайсысы 1 жылға, ал тағы біреуі бір жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Олардың да мүлкі тәркіленді.

Айта кетейік, зардап шегушілердің барлығы жалға пәтер тауып беру үшін жылжымайтын мүлік агенттіктеріне хабарласқан. Агенттікте оларға келісімшарт жасасып, алдын ала 8 мың теңге төлем алған. Осыдан кейін келушілерге жалған нөмірлер беріліп отырған.