Қылмыс

Қарағандыда анасын өлтіріп, денесін өртеп жіберген жігітке үкім шықты

  • https://astanatv.kz/

    https://astanatv.kz/

Шешесін маскүнемдігі үшін жазалаған. Қарағанды облысында туған анасын алдымен ұрып өлтіріп, кейін денесін досы екеуі өртеп жіберген 21 жастағы жігіт 10 жылға сотталды.

 

Бүгін облыстық қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыға осындай үкім кесті.

 

Қарашаның ортасында 44 жастағы әйелдің жартылай жанған мәйітін Дубовка ауылының шетінен тұрғындар тауып алған. Дәл сол түні оны туған ұлы ұрып өлтіргені анықталды. Күдікті анасын жазым еткенін білген соң қылмысын жасырмақ болған.

 

Тергеу барысында ауылдықтар 21 жастағы дизайнер жігіттің шешесінің ішімдік ішуіне қарсы болғанын, нағашы әжесі екеуіне қамқорлық жасап келгенін айтқан.

 

Алайда айыпталушыны оң мінездемесі жазадан құтқармады. Ол 10 жыл бойы жоғарғы қауіпсіздіктегі абақтыда жазасын өтейді.

 

Ал жігіттің қылмысын жасырып денені өртеуге көмектескен досы 2 жылға сотталды.

 

Үкім 15 күннен кейін заңды күшіне енеді.

 

Гүлбаршын ЖІТІКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІ- СУДЬЯСЫ:

 

- Облыстық қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны ҚК-тің 99- ыншы бабы бойынша кінәлі деп таныды. Ол 10 жылға сотталып, жазасын жоғарғы қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде өтейді.

 

astanatv.kz 




Көрілген: 146    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.02.2020, 08:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30