Қылмыс

Қарағандыда белгісіз біреу адам толы 3 автобусқа оқ атты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қарағандыда кешкі уақытта белгісіз адамдар аялдамада тұрған жолаушы автобустарына пневматикалық қарудан оқ атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Оқиға 8 қазан күні сағат 19.00 шамасында болған. Белгісіз адам пневматикалық қарудан оқ атып үш бағыттағы автобустың шынысын зақымдаған.


Сол кезде №40 автобустың салонында 45-ке жуық, №45 маршрутты автобуста 120-ға жуық және №33 автобуста 70-ке жуық жолаушы болған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.


«Жағдайды тексеру барысында №45 маршруттық автобус салонынан пневматикада қолданылатын диаметрі 4,5 мм металл шарик табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293 - бабының 3-бөлігінің 2-тармағы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс тіркелді», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау шараларын қабылдауда.




 




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.10.2019, 11:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31