Қылмыс

Қарағандыда еркектерді ғана алдап келген күдіктілер қулығын ашты

  • Қарағандыда еркектерді ғана алдап келген күдіктілер қулығын ашты

    Қарағандыда еркектерді ғана алдап келген күдіктілер қулығын ашты

Қарағандыда тек ер азаматтарды ғана алдаумен айналысқан күдіктілер қулығын қалай жүзеге асырғанын айтып берді. Олар карантинде екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарды оңай алдап соққан, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Қылмыстың барлығы тек телефон арқылы жасалыпты. Кісендеулі азамат азық-түлік тасымалдайтын мекеме директоры, ал сыбайласы дәрігердің рөлін ойнаған. Хабарландыру арқылы жұмыс іздеушілермен жалған басшы сөйлесіп жұмысқа қабылдайды. Тек дәрігердің 086 формалы анықтамасын көрсетсе болғаны. Қатаң карантин уақытында медициналық бақылаудан өту мүмкін болмағаны белгілі. Осы кезде жалған дәрігер іске қосылады. Анықтамаға келісілген соманы аударым арқылы алған соң, директор мен дәрігер із-түзсіз жоғалып отырған. Полицейлер бұл жұпқа алданғандар қатары көп екеніне сенімді. Әзірге бұлардың 6 қылмысы дәлелденген. Өздері де алдағандарының санынан жаңылған.

- 10 адаммен сөйлессек, соның бес-алтауы қармаққа түсіп отырды. Жалпы саны есімде жоқ. Алданғандардың бәрі ер адамдар. Арасында әйелдер болмады. Жоспармен сыбайласымызбен әуел бастан-ақ, нәзік жандыларға тиіспейміз деп шешкенбіз, - дейді күдікті.




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

жұма, 02.04.2021, 09:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31