Қылмыс

Қарағандыда жемқорлыққа қарсы тәуелсіз тексерумен айналысқан қоғам белсендісін атып кетті

  • © astanatv.kz

    © astanatv.kz

Қарағанды облысында жемқорлыққа қарсы тәуелсіз тексерулер жүргізіп келген қоғам белсендісін атып кетті.


Белгісіз біреу Ғалы Бақтыбаевты үйінің жанында аңдып тұрып, оқты дәл басынан атқан. Қоғам белсендісі осылайша аулаға көлігін қоя салысымен әйелінің көз алдында мерт болған.


Ал қаскөй әлі ұсталған жоқ. Қазіргі таңда «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жанатай СЕМБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


- Қылмысты ашу, күдіктіні ұстау мақсатында құрамында департаменттің және Жаңарқа аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы жасақталып, қылмыстың ізін кесу бойынша кешенді іс шаралар атқарылуда. Тергеу барысы облыстық полиция және прокуратура басшылығының қатаң бақылауында.


Ғалы Бақтыбаев мемлекеттік органдарда қаржы жымқыру, парақорлық фактілері болуы мүмкін деген деректермен тәуелсіз тексерулер жүргізіп келген. Туыстары тергеу орындарына оған бірнеше рет қастандық жасалғанын және бұл жолы тапсырыспен атылғанын айтып отыр.


Зәуре БАҚТЫБАЕВA, ҒАЛЫ БАҚТЫБАЕВТЫҢ ӘПКЕСІ:


- Ағама бұдан бұрын да қастандық жасалған. Қорқытып, үйінің терезесін сындырып кеткен. Білім бөліміне, басқа да органдарға шағымданған қаншама адамдарға көмектесті, одан көмек сұрағандар көп болды. Әділдікті жақтайтын, ораза ұстап, Аллаға сенетін адам болатын.


astanatv.kz


 




Көрілген: 406    Пікірлер: 0

жұма, 31.05.2019, 09:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30