Қарағандыда пәтерден 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды

08 наурыз 2021, 01:47

Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінен 36 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

5 наурыз күні қаладағы Университетская көшесінде орналасқан үйлердің бірінен 36 жастағы ер адамның денесі табылды, оны өлтіріп кеткен.

 

«Аталған факті бойынша, ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлімі бойынша (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру жұмыстарының барысында күдікті ізі суымай қолға түсті. Ол осы қаланың 33 жастағы тұрғыны. Күдікті мен ол өлтірген адамның бірге отырып, пәтерде спиртті ішімдік ішкені анықталды. Артынан екеуінің арасында жанжал шығып, күдікті бөтелкелесін өлтіргенін мойындады»,-деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.