Қарағандыда полиция қызметкері қарулы топты ұстау кезінде жараланды

24 қыркүйек 2022, 10:40

Қарағанды қаласында белгісіз біреулер қару қолданып, жергілікті тұрғынның өміріне қасақана қастандық жасаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Экспресс К тілшісі ІІМ әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап жазды.

Қаскөйлер оқиға орынынан автокөлікпен іздерін жасырған. Күдіктілердің бірі өздерінің ізіне түскен полиция қызметкерлеріне қару қолданып, қашып кетпекші болған. Оны ұстау барысында жедел уәкілдің бірі жараланды, — делінген хабарламада.

 

Аталған дерек полицияда тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар атқарылуда.