Қылмыс

Қарағандыда порноактриса ұсталды (видео)

  • https://lady.tut.by/

    https://lady.tut.by/

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілерде порнографиялық бейнежазбалар таратқан азаматшаны ұстады, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Инстаграм және Телеграмда порнографиялық материалдар жариялау фактісін анықтады.

 

Бұл бейнежазбалар тек Қазақстанға ғана емес, басқа да мемлекеттерге тараған. &ldquoHi-tech&rdquo жедел-алдын алу іс-шаралары барысында жедел уәкілдер бейнежазбаның авторын анықтады. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты.

 

Ол бір топ адаммен бірге өзінің қатысуымен бейнежазбалар түсіріп, әлеуметтік желі арқылы сатып отырған. Әлеуметтік желіде бейнежазбалардың бағалары да жарияланған.

 

Мәселен, бес минуттық интимдік бейнежазба 7 мың теңге немесе 1200 ресей рубліне бағаланса,  алдын ала тапсырыс бойынша бейнежазба 17 мың немесе 3 мың ресей рубліне бағаланған.

 

Ал басты рөлдегі әртіспен интимдік кездесу  құны 300 АҚШ долларына белгіленген.

 

 

 

&ndash 27 қазан күні Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның заңға қайшы әрекеттеріне байланысты айғақ заттар тәркіленді. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 311-бабына (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның серіктестерін анықтау және іздеу бойынша кешенді іс-шаралар өткізуде, &ndash деді Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ислам Мусин.




Көрілген: 8528    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.11.2020, 14:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31