Қылмыс

Қарағандылық жігіт бұрынғы сүйіктісіне 20 жерден пышақ салған

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қарағандылық полицейлер бұрынғы сүйіктісіне 20 рет пышақ салған ер адамды іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«10 қазан күні, сағат шамамен 22.59-да 28 жастағы әйел пышақ жарақатымен облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Аталмыш дерек тіркелді», - деп мәлім етті Қарағанды облысы Полиция департаментінен.

 

Алдын ала болжам бойынша, әйел 23 жастағы жігітпен екеуара жанжал кезінде жарақат алған.

 

«Науқас ауруханаға аяқтары және арқасына тиген көптеген пышақ жарақаттарымен түсті. Қазір жағдайы бір қалыпты», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

 

Бұл қылмысқа оның бұрынғы жігіті барды деген болжам бар. ЖБИ шағын ауданында ол зардап шеккен әйелге келіп, әңгімелесуге шақырып алған. Кейін бірнеше жерінен пышақ салған.

 

Қазіргі таңда қала тұрғынын ұстау бойынша шаралар қабылдануда.

 

 Әзірге күдіктінің орналасқан жері анықталмаған.




Көрілген: 502    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 21:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30