Қылмыс

Қарақшылар банкке 20 млн теңгемен барған Қарағанды тұрғынын тонамақ болған

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Қарағандылық полицейлер банк алдында тұрғынды тонап кеткен күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

30 маусым күні сағат 20:00 шамасында Қарағанды қаласы ПБ жедел басқару орталығына хабарлама келіп түсті: қаладағы банктердің бірінің алдындағы тұрақта екі белгісіз адам күш қолдану арқылы тұрғынның 500 мың теңгесін алып кеткен.

 

Оқиға орнына Михайлов полиция бөлімінің, Қарағанды қаласы Полиция басқармасының және Қарағанды облысы ПД жедел-тергеу топтары шықты.

 

(Банк алдындағы тонау: 0.34 – 2.29)

 

Анықталдай, Қарағандының 59 жастағы тұрғыны азық-түлік тауарларын сататын сауда кәсіпорнында менеджер болып жұмыс істейді. Сол күні ол көтерме сауда ұйымынан жеткізілген өнім үшін 20 миллион теңге алып, ақшаны бас кеңсеге аудару үшін банкке барған.

 

Ер адам қаржы мекемесіне кіре берісте тұрақтап, көліктен түспек болған сәтінде екі жігіт жүгіріп келіп, автокөлік есіктерін ашып, менеджердің қолындағы ақша салынған пакетті жұлып алмақ болған. Бірақ ер адамның қатты қарсылық көрсетуімен олар пакетті жыртып, жерге түскен бума ақшаны ғана өздерімен алып кеткен. Шығын көлемі 500 мың теңгені құрады.

 

– Ер адам полицияға оқиғадан үш сағат өткен соң ғана жүгінді. Оның айтуынша, ол алдымен қалған ақшаны бас кеңсеге жіберуді көздеген. Аталмыш уақыт ішінде күдіктілер қаладан кетіп үлгерді. Біз оларды Шығыс Қазақстан облысының аумағында анықтадық. Екі облыстың полицейлері бірлесіп жұмыс істеп, үш күдіктіні ұстадық, – деді Қарағанды қаласы ПБ КПБ бастығы Ескендір Əубəкіров.

 

Күдіктілер – Қарағанды қаласының 22-28 жас аралығындағы тұрғындары. Оларға қатысты сот “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

 

Сотқа дейінгі тергеу “Қарақшылық” бабы бойынша жүргізілуде.

 

 

 

 




Көрілген: 529    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 17:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30