Қылмыс

Карантин кезінде қытайларды отанына жіберуге уәде еткен алматылық әйел ұсталды

  • Карантин кезінде қытайларды отанына жіберуге уәде еткен алматылық әйел ұсталды

    Карантин кезінде қытайларды отанына жіберуге уәде еткен алматылық әйел ұсталды

Әйел Қытай азаматтарын отанына жіберу үшін әрқайсысынан 950 мың теңгеге дейін ақша алған

Алматыда карантин кезінде Қытай азаматтарын отанына жіберуге уәде еткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

40 жастағы М. есімді әйелдің заңсыз әрекетіне 20-дан аса адам шағымданған болатын. Олар полицияға ресми түрде арыз жазды.

"Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті 2021 жылдың ақпанынан сәуіріне дейінгі аралықта туристік фирма атынан әрекет етіп, Қытай азаматтарына оларды ұшақ арқылы өз отанына жіберуге уәде берген. Бұл қызметі үшін әйел әрқайсысынан 650 мыңнан 950 мың теңгеге дейін ақша алған. Алайда уәдесін орындамаған", - деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша (Алаяқтық) тіркелді.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кейін сот шешімімен әйел қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.09.2021, 10:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31