Қылмыс

Карантин тәртібін бұзған 70-ке жуық елордалық қамауға алынды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Елорданың өзінде 300 адам карантин тәртібін бұзған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тіпті 70-ке жуығы қамауға алынған. Бірақ полицияның өзіне бой бермей, желігіп жүргендер әлі де жетерлік. Осыған байланысты тәртіп сақшылары арнайы рейд ұйымдастырып, бейсауат жүрген жұртқа үйде отыруды қатаң ескертіп жатыр. Елордадағы орталық көшелердің бірі. Күшейтілген тәртіпке қарамастан көлік көп. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жолды бөгеп, әр жүргізушімен жеке-жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Әйтпесе, 10 күннен бері айтылып жатқан талаптарды көпшіліктің ескеретін түрі жоқ.

 

Данияр Оралов, қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі:

 

– Осы шектеу енгізілгелі бері 28-29 наурыз аралығында 198 адам әкімшілік жазаға тартылып отыр. Оның ішінде 77-сіне айыппұл салынды.

Егер 22 наурыздан бері алатын болсақ, 336 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 75 адамға сот 15 тәулікке қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

 

Тәптіпті бұзғандар арасында полиция қызметкерлерінің ескертпесін елемей, тіпті оларға қарсылық танытқандар да бар. Олардың мәселесі арнайы сотта қаралады.

 

Бұған қоса, қала маңындағы өткізу бақылау бекеттеріндегі жағдай да мәз емес. Бүгінге дейін осы бекеттерді айналып өтпек болған 100-ге жуық адам ұсталған. 69-ы қамауға алынды.

 

Ғұсман Жакин, қалалық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының басшысы:

 

– Өткізу-бақылау бекеттеріндегі тәртіпті және ондағы тәртіп сақшыларының талабын пысқырмай, қарсылық көрсеткен жағдайлар болды. Ондай жүргізушілер қамауға алынады. Осыны негізге ала отырып, қала тұрғындарына тағы да ескерту жасағым келеді. Таныс-тамырмен, не басқа да амалдар арқылы бекеттен өтемін деп үміттенбесін. Жағдай қатаң бақылауда.

 

Бұған қоса, қазір қаладағы «Сергек» бейкамералары әлеуметтік желіге байланысты да алыпқашпа әңгіме көп. Сала басшылары тәртіп болу үшін бұл жүйені барынша қолданатындарын айтады. Бірақ осы «Сергек» арқылы жаппай айыппұл салына бастағанын растамады. Әзірге елге тек ескерту жасалып жатыр.

 




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 21:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31