ҚР ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, "А" арнайы мақсаттағы қызметтің бастығы Әнуар Садықұлов та осы аталған мерзімге дейін қамауда бола береді, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожиннің қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 13 шілдесіне дейін ұзартылды.
ҚР ҰҚК жедел-тергеу тобы К.К. Мәсімовке, А. Т. Садықұловқа, Д. Е. Ерғожинге және басқа да адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 218-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-тармағы, 366-бабының 4-бөлігіне сай көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.