Қылмыс

Қармақшыда қонаққа келген қыз танысының жарты миллион теңгесін ұрлап кеткен

  • https://www.infpol.ru/

    https://www.infpol.ru/

Қызылорда облысында қонаққа келіп, үй иесінің жарты миллион теңгесін қолды қылған азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Қызылорда облысының Полиция департаменті Қармақшы аудандық полиция бөліміне 3 ақпан күні аудан тұрғыны үйінен белгісіз біреулердің жарты миллион теңгесін ұрлап кеткені туралы арызданған.

 

 Ауданның тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу  барысында 1989 жылы туған күдікті азаматшаны ұстады.

 

Ол үй иелеріне көрші ауылдан қонаққа келген. Жәбірленушінің ұйықтап қалғанын ұтымды пайдаланған азаматша шкафта тұрған ақшаны қалтасына басқан.

 

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Орын алған оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

 

 




Көрілген: 1086    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 16:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30