Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Картасын жоғалтып алған тұрғын ақшасынан айырылып қалды

31 тамыз 2020, 09:10

Мақат ауданы полиция бөлімі өзгенің банк картасын пайдаланған 40 жастағы алаяқты ұстады. Зардап шегуші оны жоғалтып алған, ал қылмыскер тауып алып, ішіндегі ақшаны шешіп алған деп хабарлайды  azh.kz.

 

Карта иесі өзінің несие картасын жоғалтып алғанын ұялы телефонына ақша шешілгені туралы хабарлама келгенде бір-ақ байқаған. Оның айтуынша, есіне сақтай алмайтын болғасын, картасымен бірге пин-код нөмірі жазылған қағазды бірге салып жүрген. Алаяқ осыны пайдаланған.

 

- Ұсталған әйел - Ақтөбе облысының тұрғыны. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

- Жыл басынан бері Атырау облысында интернет-алаяқтықтың 400-ге жуық дерегі тіркелген. Бүгінде оның 150-ден астамы ашылды, - дейді полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат ОРАЗБАЕВ. - Алаяқтық әрекеттерінің алдын-алу, әшкерелеу мақсатында арнайы іс-шаралар ұдайы жүргізілуде.

 

Облыстық сот «АЖ»-ға хабарлағандай, жыл басынан бері 190-бап бойынша 50-ден астам адам сотталды, олардың 20-сы нақты бас бостандығынан айыру жазасын алды.