Қылмыс

Қару дауысы естілген: Шығыс Қазақстанда түнде жаппай төбелес болды

  • Қару дауысы естілген: Шығыс Қазақстанда түнде жаппай төбелес болды

    Қару дауысы естілген: Шығыс Қазақстанда түнде жаппай төбелес болды

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында болған жаппай төбелес сәтінен видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео сол маңнан өтіп бара жатқан көлік ішінен түсірілген. Кадрдан сыртта бір топ адамның төбелесіп жүргенін көруге болады. Арасында "қашпа", "ат", "тоқта" деген сөздер мен қарудың дауысы естіледі.

 
Онда ерегескен ер адамдардың бір-біріне атылып, былапыт сөздер айтқандары көрініс берген. ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерекке қатысты түсінік берді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша 23 қарашада қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (адамдар тобы жасаған бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Шығын келтіру және дене жарақатын салу туралы арыз түскен жоқ. Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды", - деп хабарлады жергілікті полиция.

Шар – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы қала. 2019 жылғы мәлімет бойынша қалада 7 мыңға жуық адам тұрады.




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 11:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31