Қылмыс

Қару ұстап, "Астана біздікі" деп ұрандатқан жігітке қатысты тың деректер шықты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Мұздай қаруланған астаналыққа қатысты тың деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция бұған дейін оны ұстау сәтінің видеосын жариялаған. Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, роликке түскен 24 жастағы жігіт 2017 жылы "Бұзақылық" пен "Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру" баптары бойынша істі болып, бес жылға сотталған.


Алайда 4 қаңтарда сот мерзімнің қалған уақытын бас бостандығын шектеу жазасы түрінде өзгерткен. Жігіт Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробациялық бақылауында болған.



"Ұсталушы өзіне тиісті түйін жасамай, тағы да заң бұзды. Қазіргі уақытта сотта оның бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр", - делінген ПД хабарламасында.


Ескерту! Видеода былапыт сөздер бар!


Бұған дейін Желіде астаналық жігіттің бірнеше қару түрін көрсеткен видеосы жарияланған. Оның қолында тапанша, шокер және автомат болған. Полиция оның кім екенін бірден анықтап, көп ұзамай оны ұстаған.


Сондай-ақ видеоны түсіріп отырған адам да тұтқындалған.


Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.




 


 




Көрілген: 3248    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 10:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31