Қылмыс

Қасгөй төсектес болудан бас тартқан әйелдің 3 жасар баласын ұрлап әкетіп, өлтірген

  • https://neonomad.kz

    https://neonomad.kz

Қарағанды облысында 3 жасар баланы ұрлап кетіп, кейін өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Instagram желісіндегі Karaganda.city парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еріктілердің айтуынша, күдікті Қарағандыдағы вокзалда ұсталған.


Еске салайық, мұның алдында Шет ауданының Бұрма ауылында үш жасар бала ұрланғаны мәлім болған. Оны анасының қолынан 23 жастағы ер адам жұлып алып кеткен.


Қаскөй бұған дейін де сотты болған.


Ұрланған баланың туған-туыстарының ақпаратына сәйкес, ер адам сәбидің анасын бопсалап, онымен қарым-қатынас жасауды талап еткен. Ал келісім алмаған соң, ол ұлын ұрлап кеткен.


Аталған дерек бойынша облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы жұмылды. Соталды тергеу ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша жүргізілді. Кейін 3 жасар баланың өлі табылғаны анықталған.


Баланың қайтыс болғаны туралы ақпаратты туыстары растаған еді. Полиция Қарағанды облысындағы бала өліміне қатысты күдіктінің суретін жариялаған.



 




Көрілген: 337    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.09.2019, 11:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30