Қаскөй Теміртау тұрғынын ұрып-соғып, 2 млн теңге бопсалаған

17 тамыз 2023, 11:17

Теміртау тұрғынын ұрып-соғып, 2 млн теңге бопсалаған қасгөй қолға түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

Полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2  млн теңге бопсалағаны туралы хабарлады.

 

Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады.

 

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді.

 

Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына "Бопсалау" сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz