Қайрат Сатыбалдыны ұстау кезінде ұшағында қаншаақша болғаны белгілі болды

19 мамыр 2022, 19:00

Қайрат Сатыбалды қамауға алынбас бұрын шетелге қомақты сомада қаржыны алып кетпек болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі  "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ұстау кезінде оның ұшағында бір миллиард доллардан астам қаржы болған.

 

Аbzhannews-тің жазуынша, экс-президенттің немере інісі шетелге ұшпақ болған сәтте оның ұшағында 1 миллиардтан астам доллар көлемінде қолма-қол ақша болған.

 

"Қайрат Сатыбалдыны ұстау кезінде оның жеке ұшағында 1,5 миллиард доллар бары белгілі болды. Ол қамауға алынардан бұрын Дубайға ұшпақ болған", — деп жазды abzhannews.

 

Алайда бұл дереккті еліміздің Антикор қызметі растаған жоқ.

 

"Бұл туралы ештеңе айта алмаймыз. Өкінішке қарай қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес барлығы шектеулі. Жариялауға тиісті ақпараттар бұған дейін айтылды", — деді Антикор өкілі.