Қылмыс

Қайын жұртына мал союға көмектескен күйеу бала түнде қайтып келіп, есікті бұзып кірген

  • Қайын жұртына мал союға көмектескен күйеу бала түнде қайтып келіп, есікті бұзып кірген

    Қайын жұртына мал союға көмектескен күйеу бала түнде қайтып келіп, есікті бұзып кірген

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен. Күдікті қылмыс жасаған сәтте мас болғанын, соғымды асып жеу мақсатында алғанын мойындады
Sputnik. Жамбыл облысында жайылып тұрған соғым еті ұрланды. Жылқы мен қой етін үптеп кеткен ұры алыстан келмепті.

Келеңсіз оқиға Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылында болған. Іздестіру шаралары барысында күдікке сол үйдің 33 жастағы күйеу баласы іліккен. Ол малды союға сол күні қайын жұртына жәрдемдесіп жүрген. Түн ауа ет жайылған қораның есігін бұзып кіріп, түгін қалдырмай алып кеткен, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Тергеу барысында күдікті ұрлық жасаған сәтте мас болғанын, соғымды асып жеу мақсатында алғанын мойындады дейді полиция өкілдері. Енді ет асып жегісі келген күдікті қайын жұртының кешірімін алмаса, темір торға тоғытылғалмақ.

"Аталған дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көрсетілген бапқа сәйкес, екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
 




Көрілген: 2266    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 09:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30