Қылмыс

«Қазақалтынның» қызметкері өзіне 1,5 миллиард теңге аударып алып, із-түзсіз жоғалып кетті

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

23 ақпанда «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концерні» АҚ өкілдері полицияға шағым түсірген.  Компания қызметкерлерінің бірі оның есеп-шотынан 1,5 миллиард теңге өзіне аударып алып, із-түзсіз жоғалып кеткен.

 

Ақпаратты Ақмола облысы полиция департаменті растады. Қазіргі уақытта қаражатты қолды қылған адам іздестірілуде. Полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері, құтқарушылар және қаржы қылмысымен күресушілеріне Степногорскінің екі түрғыны іздестіріліп жатқаны хабарланды.

 

Мәлімдемеде хабарланғандай,  22 ақпанда «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концерні» АҚ қаржы бөлімінің 37 жастағы қызметкері 1 533 000 000 теңгені өзіне аударырып алып, кейін жоғалып кеткен.

 

Шағым полицияға келесі күні түскен. Компания қызметкерімен бірге 2007 жылы сотты болған ер адам іздестіріліп жатыр.

 

«Қылмыстық іс ҚР ҚК 189 бабы бойынша Бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне (сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу) бойынша тіркелді. Күдіктілердің мекен-жайын анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде», &ndash деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

 

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 817    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 19:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30