Қылмыс

"Қазақмыс" бас директорына өз кабинетінде пышақпен шабуыл жасалды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Минигулов Жезқазғанда пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған шабуылды "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС "Кәсіпқорған" кәсіподақ төрағасы Т.А.Тәжбенов жасаған. Олардың арасында жанжал болған екен. Сосын ол Минигуловтың арқасына пышақ жарақатын салған.

Оқиға 21 қаңтарда сағат 18.20-да болған. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС маманы С.А.Тембаев та зардап шеккен, ол қақтығыстың алдын алуға тырысқан. Оның кеуде тұсы пышақтан жарақаттанған.

"Сосын, куәгерлердің айтуынша, Т.А.Тәжбенов өз кеудесіне пышақ ұрып, оқиға орнында қаза тапқан. А.М.Минигулов пен С.А.Тембаев ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Сондай-ақ оқиға орнынан видео пайда болды.

"Жедел жәрдем бригадасы кәсіпорыннан пышақ жарақатымен екі адамды ауруханаға жеткізді. Олардың біреуіне операция жасалды. Екіншісіне көмек көрсетілді. Екеуі де "Қазақмыс" компаниясының медициналық орталығында", - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 




Көрілген: 336    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.01.2020, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31