Қазақстан аумағында жер сілкінді

17 қазан 2021, 14:11

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 16 қазан күні 21 сағат 17 минут 30 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 167 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 8.4. MPV магнитудасы - 3.5. Координаттары: 41.69° с.е. 83.04° ш.б. Тереңдігі - 5 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.