Елорда әуежайындағы шекара бақылауында «Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан» халықаралық рейсінің жолаушысы ұсталды. Ол декларацияда көрсетілмеген зергерлік бұйымдарды әкелмек болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі, Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Тауардың жалпы мөлшері бір миллиард теңгеден асады. Ал салмағы – 34 келі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі:
– Құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабының 1-бөлігі (ерекше ірі көлемдегі экономикалық контрабанда) бойынша тіркелді.
Сурет: Ұлттық қауіпсіздік комитеті