Қылмыс

Қазақстан қазынасынан миллион доллар ұрлаған әйел 16 жылдан соң сотталды

  • фото: vesti-omsk.ru

    фото: vesti-omsk.ru

Журналистер 16 жылдан бері халықаралық іздеуде болған сотталушыны «көрінбейтін қыз» деп атап кеткен деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

 

Тергеу мәліметтері бойынша, ол жұмысқа ресми түрде орналаспаған, жылжымайтын мүлік сатып алмаған, туыстарымен сөйлеспеген. Полицияның назарына түспеу үшін қолынан келгеннің бәрін істеген. Ол екі серіктесімен бірге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің шотынан ірі көлемдегі сома – 1 миллион АҚШ доллары және 40 миллион теңге ұрлады деп айыпталды.

 

Сондай-ақ, ол қылмыс жасау үшін өзін басқа адам ретінде көрсеткен. Содан кейін 16 жыл бойы жасырынып жүрген.

 

Омбы қаласының Киров аудандық сотының шешімімен, кінәлі жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеумен 2 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды. Ол сот залында қамауға алынды.

 

Анықталғандай, сотталушы Светлана Киршова – РФ азаматшасы.

 

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы болашақ серіктерінің бірімен танысып, содан кейін олар тағы бір танысымен бірге Қазақстанға «қосымша ақша табу үшін» барған. Қылмыстық топ Қазақстанда біркүндік фирма құрып, Киршованың төлқұжаттық деректері негізінде сыңарының жалған құжаттарын дайындаған. Бұл құжаттардың көмегімен 2003 жылы Қазақстанда қазынашылық басқармаға жұмысқа орналасқан.

 

Сондай-ақ, Светлана тек Қазынашылықта жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар жұмыста қызметі өсіп, ақшаны жалған шотқа аударуға мүмкіндік туған. Тексеру басталғаннан кейін қыз жоғалып, 16 жыл бойы органдардан жасырынып жүрген.

 

 

 

 




Көрілген: 686    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 18:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31