Қылмыс

Қазақстанда хакерлер банкті тонап кетті

  • https://www.kp.ru/

    https://www.kp.ru/

Белгісіз біреулер екінші деңгейлі банктің мәліметтер базасын бұзып, бес адамның есепшотында жатқан ақшаны басқа жерге аударып алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Қазіргі кезде осы іске қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталды.

 

Ресми мәліметке сәйкес, полицияға банктің өкілі арызданған. Оның айтуынша, хакерлер жеке тұлғалардың мәліметтер базасына кіріп, ақшаны жалған есепшотқа аударып қойған.

 

Шығынның көлемі айтылмай отыр.

 

"Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталды. Ақмола облысы полициясының криминалдық басқарма қызметкерлері оны "Hi-tech" шұғыл алдын алу шарасы аясында қолға түсірген", - дейді полицейлер.

 

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 2-тармағы бойынша (Алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 13:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31