Халықаралық іздеуде жүрген Қытай азаматы Бішкекте ұсталды. Бұл туралы Первомай ауданының ІІБ мәлімдеді, - деп хабарлайды 24kg.
Ведомство мәліметінше, қытайлық ер адам Қазақстанда қылмыс жасап, артынша Бішкекке келген. ҚҰ ҰҚК қызметкерлері 42 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы бойынша халықаралық іздеу жариялаған.
Іс материалдары Бас прокуратураға ұсталған ер адамды экстрадициялауды ұйымдастыру үшін жіберілді. ҚХР азаматы әзірге Бішкектегі ІІББ уақытша ұстау изоляторында.