Қылмыс

Қазақстанда ұзақ жыл бойы тұрғындарды үрейде ұстаған қылмыстық топқа сот үкімі шықты

  • Қазақстанда ұзақ жыл бойы тұрғындарды үрейде ұстаған қылмыстық топқа сот үкімі шықты

    Қазақстанда ұзақ жыл бойы тұрғындарды үрейде ұстаған қылмыстық топқа сот үкімі шықты

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан &ndash Sputnik. Мұнайлы ауданының тұрғындарына қатысты ауыр қылмыстар жасаған үш адамға сот үкімі шықты. Жәбірленушілер ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне шағымы жоқ екенін айтса да, Маңғыстау облыстық соты оларды кінәлі деп тауып, біраз жылға соттады.

Айыптау қорытындысының материалдарына сәйкес, жергілікті тұрғындарға "ТТС" атауымен танымал ұйымдасқан қылмыстық топ 2018  жылдың мамырынан 2019 жылдың шілдесі аралығында Мұнайлы ауданының аумағында қоғамдық тәртіпке, меншікке, адамдарға қатысты ауыр және аса ауыр бірқатар қылмыс жасады, деп хабарлайды inaktau.kz порталы.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, үш сотталушы, соның ішінде қылмыстық топтың лидері де бар, адам өлтіру, қоқан-лоқы көрсету, пара бопсалау, бұзақылық, қаруды заңсыз сатып алу және сақтаумен байланысты эпизодтар бойынша жауапқа тартылған.

Айыптау тарапы сотталушылардың кінәсі барлық бап бойынша толығымен дәлелденгенін мәлімдеп, қылмыстық топ мүшелерін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Тағы оқыңыз: Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Ал қорғаушы тарап келтірілген айғақтармен келіспей, соттан топ мүшелерін ақтауды өтінді. Жәбірленушілер болса, сотталушыларға шағымы жоқ екенін айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Іс материалдарын қарап, сот үш адамды айыпты деп таныды. Нәтижесінде қылмыстық топтың басшысы 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал сыбайластары тиісінше 14 және 15 жылға сотталды.

"ТТС" ұйымдасқан қылмыстық тобының ұсталғаны туралы былтыр шілде айында белгілі болды.




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

сенбі, 03.10.2020, 19:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30