Қылмыс

Қазақстандағы мейрамханада даяшыны ұрып тастаған ер азамат видеоға түсіп қалды

  • Қазақстандағы мейрамханада даяшыны ұрып тастаған ер азамат видеоға түсіп қалды

    Қазақстандағы мейрамханада даяшыны ұрып тастаған ер азамат видеоға түсіп қалды

Қазақстандық мейрамханалардың бірінде даяшының бетінен ұрып жіберген азаматтың әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлемеуметтік желілерде таралған бейнежазбада даяшының қонақтың үстіне абайсызда сусын төгіп алғаны көрінеді. Алайда бұған ашуланған ер азамат мейрамхана қызметкерінің бетінен ұрып жібереді. Оның бұл әрекетін көрген достары даяшыны қорғауға асықпайды.

Бұл видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды. 

“Неге полиция шақырмаған? Мұндай тек Қазақстанда ғана орын алуы мүмкін. Біздікілер таяқ жеп тұрып, үндемей кетіп қалады. Өркениетті елдерде полиция шақыртып, қолын кісендетіп алып кетер еді”, – деп жазады желі қолданушысы. 

“Құдды бір бетіне әдейі төгіп жібергендей ашуланғаны несі?  Неліктен мейрамхана әкімшілігі полицияға хабар бермеген?”, – дейді тағы бірі. 

“Санасыз! Осындай кезде, тәрбиенің бар, жоғы көрінеді. Өмір алма-кезек”, – дейді тағы бір қазақстандық. 




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.07.2021, 10:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30