Қылмыс

Қазақстандық әйел қызының Оңтүстік Кореяда қайтыс болғаны туралы өтірік айтып, миллион теңге жинаған

  • Қазақстандық әйел қызының Оңтүстік Кореяда қайтыс болғаны туралы өтірік айтып, миллион теңге жинаған

    Қазақстандық әйел қызының Оңтүстік Кореяда қайтыс болғаны туралы өтірік айтып, миллион теңге жинаған

Қостанай тұрғыны Оңтүстік Корея клиникасында қайтыс болған жеті жасар қызының денесін елге әкеле алмай жатыр деген оқиға жалған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новостиге" сілтеме жасап.

28 қазанда басылым Мәдина Айданға қызы Инабат Мухиттың денесін Сеулден алып кету үшін қаржылай көмек керек екені туралы жазған. 


Әйел қызы 27 қазанға қараған түні қайтыс болғанын айтқан. Содан кейін шетелдік клиника алдында қарызы қалғанын және қызының денесін үйге алып қайтуға ақшасы жоғын айтып, көмек сұраған. 

Ол бар болғаны "685 доллар керек", қалған ақшаны (3000 долларға жуық) туыстары, сыныптастары және әріптестері жинап бергенін жеткізген. Мәдина Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігіне хабарласқанмен, көмектеспегенін айтқан.

Енді Мәдина Айданның Инабат есімді қызы және тағы үш баласы бары белгілі болды. Бәрі аман, дені сау.

Ақша жинағанда ол қызының құжатын, өзінің телефон нөмірі мен картасын пайдаланған. Алайда фото басқа қыздың - Алматы облысында тұратын және шынымен аққандылықпен ауыратын, бірақ жазылып келе жатқан Камила Реброваның болып шықты. 

Қостанайлық әйелдің өтірігін LIDER.KZ қозғалысының волонтерлары ашқан. Оларға Камила Реброваның туыстары хабарласқан. Нәтижесінде Мәдина Айданнан жиналған ақшаны - 970 мың теңгені қайтару талап етілді. Мәдина Айданның отбасы өтірікке сеніп, қол ұшын созған жандардан кешірім сұрады.

"Біз Сеулдегі Сунчонхян университеті медицина орталығының ұжымынан кешірім сұраймыз. Бұл атау алғашқы ақпаратта пайдаланылған. Қыз осы медициналық орталықта қайтыс болды деп көрсетілген. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп жазды басылым.




Көрілген: 603    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 09:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31