Қылмыс

Қазақстандық вице-адмирал шенінен айырылды

  • Хабар 24 видеосынан алынған кадр

    Хабар 24 видеосынан алынған кадр

Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанзақов вице-адмирал шенінен айырылды. Ол, сондай-ақ, билікті асыра пайдаланғаны үшін алты жылға сотталды, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.

 

Бұл туралы Қазақстан Әскери сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Жандарбек Жанзақов ҚР ҚК 450-бабының 2-бөлігі "Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті теріс пайдалану әрекеті" бойынша сотталды.

 

Ол Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, басқа да әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

 

Сондай-ақ, бұрынғы вице-адмирал алты жыл бойы орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтейді.

 

Әскери соттың баспасөз қызметінде сотталушыдан мемлекетке 42 401 076 теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді.

 

Еске салайық, 2018 жылдың 18 сәуірінде Жандарбек Жанзақов Қазақстан ӘТК бас қолбасшысы қызметінен босатылған еді. Ол бұл қызметті 2009 жылдан бері атқарған.

 




Көрілген: 425    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 17:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30