Қылмыс

Қазақстандықтарға Норвегиядан жұмыс тауып берем деген ер адам істі болды

  • © CC0 / TeroVesalainen

    © CC0 / TeroVesalainen

Астаналық полицейлер клиенттерді Еуропада жалақысы жоғары жұмысқа орналастырамын деп алдаған ер адамға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол елдің төрт қаласында бірнеше фирма ұйымдастырған.

 

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, барлығы 123 жәбірленуші тіркелген. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз және Орал қаласының тұрғындары. "Ортокласс" компаниясының клиенттері Еуропаға қызметке орналасу үшін қыруар қаржы жұмсаған. Алайда тағатсыздана күткен жұмыс болмады. Бір күні компания директоры телефонын сөндіріп, жоғалып кеткен.

 

"2019 жылдың қаңтар-сәуір аралығында түрлі өңірде Норвегия Корольдігінде жұмысқа орналасуға қатысты жалған ақпарат тараған. Үш ай мен бір жыл аралығында жұмыс істеп, туристік виза бойынша сағатына 10-20 еуро жалақы табуға болатыны жазылды", - деді астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Алаяқтық фактісі анықталған соң полицейлер қылмыстық іс қозғады. Компания директорына мемлекетаралық іздеу жарияланды. Ол 2020 жылдың шілдесінде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ұсталды. Кейін Қазақстанға экстрадицияланды.

 

"Сотқа дейінгі тергеу барысында жиналған айғақтармен күдіктінің кінәсі дәлелденді. Қабылданған шешім заңдылығын тексеру үшін іс Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы прокуратурасына жіберілді", - деді астаналық полицияда.

 

Прокуратурада қылмыстық істі зерттеп, айыптау актісін бекітіп, Есіл ауданының №2 сотына жіберді.

 

Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мүлкі тәркіленеді.

 

 

 

sputnik.kz

 

 




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.09.2021, 17:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31