Қылмыс

Қазақстанға жұқпалы бактериясы бар картоп пен сәбіз кіргізілмек болған

  • Қазақстанға жұқпалы бактериясы бар картоп пен сәбіз кіргізілмек болған

    Қазақстанға жұқпалы бактериясы бар картоп пен сәбіз кіргізілмек болған

Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мамандары биыл сәуір айынан мамыр айына дейін Қазақстанға Германия, Нидерланды және Франция елдерінен жеткізілуі тиіс 228 тонна тұқымдық картопты, 46,4 келі сәбіз тұқымын тексерген. Нәтижесінде картоп тұқымынан (зебра чипі) зиянды қоздырғыш бактериясын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Candidatus Liberibacter Solanacearum бактериясы ISO 17025 халықаралық стандартына сәйкес аккредиттелген "Өсімдіктер карантині республикалық орталығы" ММ Алматы аймақтық карантиндік зертханасының сараптама қорытындысы арқылы расталған.

 
"Candidatus Liberibacter Solanacearum Қазақстан аумағына жоғары фитосанитарлық қауіп төндіреді. Зебра чипі картопқа, қызанаққа, сәбіз бен балдыркөкке және басқа да дақылдарға кері әсер етеді. Бактериялар республика аумағына таралатын болса, өнімді түгелдей жойып жіберуі мүмкін және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді, - делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жұқпалы бактериясы бар тұқым фактілері бойынша тиісті карантиндік құжаттар ресімделді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес материалдар соттың қарауына жіберілді. Сот шешімі бойынша тиісті шаралар қабылданады.




Көрілген: 652    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 02:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31