Қылмыс

«Қазпошта» қызметкерлері мұғалімнің еңбек демалысының ақшасын ұстап қойған

  • «Қазпошта» қызметкерлері мұғалімнің еңбек демалысының ақшасын ұстап қойған

    «Қазпошта» қызметкерлері мұғалімнің еңбек демалысының ақшасын ұстап қойған

Ақмола облысында «Қазпошта» қызметкерлері мұғалімдердің еңбек демалысы ақысын ысырап еткені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың 12 ақпанында Қорғалжын аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 74 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, 2016 жылдың көктемінде «Қазпошта» бөлімшесінде 200 мың теңге сомасында демалыс төлемін төлемегенін айтқан.

«Анықталғандай, 2016 жылы зардап шеккен адам еңбек демалысы ақшасын алуы керек еді. Алайда, мұғалім демалысқа шыққаннан кейін ол қалаға кетіп, ақшасы туралы ұмытқан. Кейін елге оралған соң, бірнеше жыл өткен соң еңбек демалысы ақшасын алмағаны есіне түседі. Сөйтіп, қарт мұғалім полицияға хабарласады»,- деді ведомстводан.

Жедел іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Олар 2016 жылы «Қазпошта» филиалының кассирі болып жұмыс істеген 39 және 52 жастағы Қорғалжын ауданының тұрғындары.

«2016 жылдың шілдесінде әйелдер басқа адамдардың ақшасын алып, оларды заңды алушыға бермей, өз қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. «ҚазпоштаQUOT» филиалының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігі «сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 08:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30