«Қазселденқорғау» басшылары кәсіпкерлерден 396 млн теңге пара алған

25 мамыр 2023, 08:16

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Антикор мәліметіне сәйкес, олар орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңгеге ірі және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталды.

 

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр. Қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді.

 

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.