Қылмыс

Кек алмақ болған: Сатбаевта қарудан оқ атқан жігіт ұсталды

  • https://azh.kz/

    https://azh.kz/

Сәтбаевта жас жігіт жанжалдасқан адамынан кек алу мақсатында жеке үйдің қақпасына оқ атқан. Алайда үйлерді шатастырып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне белгісіз тұлға атыс қаруын қолданып, жеке үйдің металл қақпасына оқ атқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына бірнеше минуттан кейін жедел-тергеу тобы жетті.

 

Белгілі болғандай, тұрғын үйде 57 жастағы отағасы, оның 49 жастағы әйелі және екі баласы болған. Атыс болған кезде бәрі ұйықтап жатқан.

 

Криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасын қарау кезінде үйдің жанынан өтіп бара жатқан көлікті анықтады.

 

«Ізін суытпай» аталған автокөлік құралы ұсталды. Рульде болған 18 жастағы жігіт қақпаға оқты оның 19 жастағы танысы атқанын мәлім етті. Сондай-ақ, полицейлер олардың көлігінен тегіс ұңғылы мылтық тауып, тәркіледі.

 

«Жедел-іздестіру шаралары барысында жедел уәкілдер оқ атқан жігіттің орналасқан жерін анықтап, оны полицияға жеткізді. Қаскүнем жәбірленушілермен көрші тұратын қала тұрғынымен дұшпандық қарым-қатынаста болғанын түсіндірді. Ол жанжалдасқан адамынан кек алмақшы болып, түнде оның үйіне барған. Алайда түнде ол үйді шатастырып, бұл оқиғаға мүлдем қатысы жоқ адамның үйіне келіп, қақпасына оқ атқан», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

 

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» және ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.11.2021, 13:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31