Қылмыс

"ҚҚС төлемдерін қайтарып ал": Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

  • "ҚҚС төлемдерін қайтарып ал": Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Алаяқтар сенгіш қазақстандықтарды қосымша құн салығын (ҚҚС) қайтарамыз деген желеумен жалған сайтқа шақырып жатыр

Алаяқтар ҚҚС төлемдерін қайтаруға уәде беріп, қазақстандықтардың банк карталарына қол жеткізуге тырысып жатыр, деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.

 Әлеуметтік желілерде және видео порталдарда "18 жастан асқан әрбір азамат төлемді алуға құқылы" деп аталатын бейнежазба таралды. Атап айтқанда, видеода бірнеше жыл ішінде төленген ҚҚС сомасын қалай қайтарып алуға болатыны туралы айтылады.

Оқи отырыңыз: Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады &ndash министрлік ақпарат берді 

Алаяқтар азаматтарды ақшаны қайтарамыз деген желеумен жалған  сайтқа шақырады. Яғни алаяқтарға алданатын адамдар Төленбеген қаражатты қайтару бойынша бірыңғай өтемақы орталығы сайтына кіруі керек.

"Ойдан шығарылған нұсқаулық барысында автор көрерменнен өзінің деректерін, банк картасының нөмірін, сондай-ақ сіздің қаражатыңызға иелік етуге мүмкіндік беретін CVV / CVC кодын көрсетуін сұрайды", - деп ескертті комитет.
Видеожазбада немесе жалған сайттың өзінде оң пікірлер болуы мүмкін, олар да шындыққа жанаспайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті  қазақстандықтарды қырағы болуға және күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырды.   

Еске сала кетейік, 2020 жылдың тамызында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов электронды сауданы корпоративтік табыс салығынан және жеке табыс салығынан босату туралы ұсыныс жасады. Алайда бұл әзірге ұсыныс қана. Осының негізінде алаяқтар пандемия кезінде халықты қолдау шаралары туралы ақпарат ағынын пайдаланып, қаржылық сауаты төмен қазақстандықтарды алдаудың схемасын әзірлеген болуы мүмкін.  

sputnik.kz




Көрілген: 704    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 10:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31