Қылмыс

Клиенттің бар ақшасын телефон арқылы сыпырып алды

  • https://azh.kz/

    https://azh.kz/

Нұр-Сұлтанда жолаушының ақшасын телефон банкингі арқылы өзіне аударып алған такси жүргізушісі ұсталды. Ұялы қосымша арқылы 143 880 теңге көлемінде ақша аударылған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

Елорда тұрғыны таксиде телефонын түсіріп алғанын айтып полицияға жүгінген. Смартфон өз иесіне қайтарылғанымен "Сбербанк" ұялы қосымшасында қаражат ұшты-күйлі жоқ. Тергеу жұмыстары нәтижесінде жәбірленушінің телефонынан 143 880 теңге қаражат аударылғаны анықталды.

 

24 жастағы такси жүргізушісі көлікте қалып қойған телефонды алып, банк қосымшасындағы бар қаражатты өзіне аударып алған. "Құпия сөзді ұмыттым" деген батырманы басып оның қайта тіркелгені белгілі болды.

 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп мәлімдеді елордалық ПД-нің баспасөз қызметі.

 

 




Көрілген: 734    Пікірлер: 0

сенбі, 09.10.2021, 16:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31