Қылмыс

"Кінәлілер полицейлермен ауыз жаласқан": БҚО-да қастандықпен өлтірілген кәсіпкердің ұлы президент пен министрден көмек сұрады

  • "Кінәлілер полицейлермен ауыз жаласқан": БҚО-да қастандықпен өлтірілген кәсіпкердің ұлы президент пен министрден көмек сұрады

Қастандықпен өлтірілген қазақстандық кәсіпкер Жұмағали Аралбаевтың ұлы Мирас Мұратов президент пен ішкі істер министріне үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Сөзінше, оқиғаға қатысы барлар тиісті түрде жазаланбапты. 

 

Еске салайық, 2019 жылы 19 ақпанда екі кәсіпкердің өліміне қатысты сот отырысы басталған еді. Оларды өлтірді деп 29 жастағы Аманғали Пішенбаев, 30 жастағы Әнуар Өтепов пен 27 жастағы Жолдас Төлепов күдіктелген болатын. Тағы екі азамат 19 жастағы Айболат Маманов пен 25 жастағы Алмас Нұрлыханов оқиғаны жасырып қалды деп айыпталыпты. 29 жастағы Жолдығали Ниталиевке ақша ұрлады деген айып тағылған.

2019 жылы 15 сәуірде оларға қатысты сот шешімі шығарылған. Айболат Маманов пен Алмас Нұрлыханов үш жылға, Пішенбаев  20 жылға, Төлепов 17 жылға, .Жолдығали Ниталиев пен Әнуар Өтепов 16 жылға түрмеге қамалыпты. 

Бір ай өткен соң марқұм кәсіпкер Жұмағали Аралбаевтың ұлы Мирас Мұратов видеоүндеу жасады. Айтуынша, әкесін өлтіруге бұйрық берген Орынбасар Өтениязов жазадан қашып құтылыпты. Бұған қоса ол құзырлы орган қызметкерлерінің нағыз кінәлілерді көлеңкелеп қалғанын, заттай дәйектерді, атап айтсақ, бейнебақылау камераларына түсірілген видео мен қоңырауларды жасырғанын айтыпты. 

Бұған қоса ол басқа да айғақтарға қарамастан сот шешімінде тек Маманов пен Нұрлыханов оқиғаны жасырды деп көрсетілгенін алға тартты. 

"Олардың құқық қорғау органдарына туыстар бар. Сол себепті іс тиісті түрде қаралмады. Ауыз жаласу болғаны анық", - дейді марқұмның ұлы. 

Сондай-ақ ол істің қайта қаралуын талап етіп, кінәлілерге көмектескен азаматтардың жазалануын сұрады. 

Мирас Мұратов облыстық прокуратурадан қайыр жоқ екенін айтып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан көмек сұрады.

Алайда Батыс Қазақстан облысының ПД өкілдері ешқандай ауыз-түйіс болған жоқ деп ақталды. 

"Іске қатысы бар деп Пішенбаев ұсталды. Аралбаевтың өліміне Маманов пен Нұрлыхановтың кінәлі деп танылмады. Қазіргі таңда тағы бір адам іске қатысы бар дегендіктен қылмыстық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ПД өкілдері. 

 

 




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 21:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31